Қызыл киінген адам қызыл киінген сыңарын көріп қалды (видео)
Қызыл киінген адам қызыл киінген сыңарын көріп қалды (видео)
12 күн бұрын 280

Кездейсоқ жағдай болса да мұны кездейсоқтық дегенге сену қиын. Әзлі Жүсіп есімді Малайзия тұрғыны досының үйлену тойына келмей ме – меймандардың арасынан өзіне ұқсайтын, ұқсағанда да сойып қаптап қойғандай адамды көргенде сасқанынан езуін жия алмады. Бір-бірінен аумайтын адамдар сирек болса да кездеседі ғой, ең таңданарлығы – егіздің сыңарындай ұқсас адамның өзімен құралпас болғанында ғана емес, бірдей киініп, бірдей шашын тақырлап алдыртқаны, бірдей көзілдірік таққаны болды. Олар өмірінде бір-бірін бірінші рет көріп тұр. Бұл ұқсастықты байқаған қонақтар тойға келгендерін бәр сәт ұмытып, олармен суретке түсіп жатты.

0 пікір
Мұрағат