Қазақстаннан ең көп қаржы аударылатын елдер
Қазақстаннан ең көп қаржы аударылатын елдер
8 күн бұрын 1118 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өзбекстан Қазақстаннан мол қаржы аударылатын екінші ел атанды. Бұл жайында Podrobno.uz ақпарат көзі хабар таратты. Нақтырақ айтқанда, қазақстандық ranking.kz порталы Қазақстан экономикасына мониторинг жүргізу жөніндегі жобаға сілтеме жасай отырып, келтірген дерекке қарағанда, осы жылдың басынан мамыр айында Өзбекстанға Қазақстаннан 31,3 млрд теңге (91 млн доллардан аса) аударылған. Ал Өзбекстаннан елімізге аударылған қаржы оның бір ширегіндей ғана - 7,5 млрд теңге (21,8 млн доллар шамасында). Қазақстаннан белсенді түрде ақша аударылатын және кері аударылатын елдердің алғашқы бестігіне Ресей, Өзбекстан, Түркия, Қырғызстан және Тәжікстан кірген. Елімізден ең көп қаржы Ресейге аударылған - 89,4 млрд теңге, ал ол елден елімізге аударылғаны - 50,6 млрд теңгені құраған. Үшінші орынға Түркия жайғасқан - елімізден аударылғаны 24,4 млрд теңге, ал кері аударылғаны 9 есе аз - 2,7 млрд теңге. Сондай-ақ, Қазақстаннан Қытайға да көп мөлшерде қаржы аударылған - 15,9 млрд теңге, Украина - 5,4 млрд теңге, Әзірбайжан - 4,5 млрд теңге, Грузия - 1,9 млрд теңге. 

0 пікір
Мұрағат