Қазақстандағы егіздер ауылы (видео)
Қазақстандағы егіздер ауылы (видео)
5 жыл бұрын 5339 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қызылорда облысына қарасты Ұрмаш Түктібаева атындағы ауылда егіздер жергілікті тұрғындардың мақтан тұтар «бренді». Әдетте, егіздердің құпиясы ғылымда әлі күнге ашылған емес. Гормондық ауытқуға жатқызатындар да бар немесе тек қуалалайтын ұрық ерекшелігіне балайтындардың қарасы көп. Аталмыш ауылдағы егіздердің сыңары ұл бала мен қыз баланың жұбынан емес, бірыңғай ер балалардан немесе қыз балалардан тұрады. Бұл жайында "Евразия" бірінші арнасы хабар таратып отыр. Әйткенмен олардың өздері бір-біріне көп ұқсай бермейді. Тіпті, мінез-құлықтарына шейін. Сабақ үлгерімдерінде де айырмашылық бар. Бір сыңары оқуда озат болғанымен, екіншісі олай емес. Бұдан бөлек, егіздердің бір сыңары жайдары болса, екіншісі сыңарына қарағанда салмақты. Жергілікті мектепте 400-ге тарта оқушы білім алуда. Олардың оны егіз. Осы жылы 3 жұп егіз мектеп табалдырығын аттайды. Ал жергілікті тұрғындар бұл құбылысты өздері тұтынып жүрген кәдімгі қауыннан көреді.

0 пікір
Мұрағат