Қазақстандағы долларлық миллионерлердің саны қанша?
Қазақстандағы долларлық миллионерлердің саны қанша?
7 жыл бұрын 3492 egemen.kz

Британдық Knight Frank компаниясының сараптамасымен қазақстандықтардың 0,04%-ы ғана 2016 жылы байлығы доллармен өлшенетін миллионерлер болуы мүмкін деген тұжырымдама жасады.

«Дамыған елдермен салыстырғанда, бұл әрине төмен көрсеткіш. Дегенмен, республикада заңдастыру акциясына сәйкес  5,7 трлн теңге заңдастырылып, билікке бұрын белгісіз болы келген миллионерлер шықты», деп жазады factcheck.kz

2015 жылғы нәтиже бойынша алғашқы үштікте көш бастап тұрған АҚШ-4,5 млн адам (1.39% халықтың жалпы саны), Жапония-2,7 млн (2,15%) және Германия-1,2 млн (1,49%). Сонымен қоса, бұл қатарға Швейцария – 4.31% , Кувейт-3.75% (146 мың), Норвегия-2.63% (137 мың) құрайды.

Қазақстан үшін Нидерланды қызығушылық тудыруы мүмкін, себебі екі елдің де халық саны шамалас. Сонымен қатар, Голландияда да миллионерлердің көп шоғырланған.  Capgemini санағы бойынша, 2015 жылы бұл дамыған елде 204 мың байлар тұрған.

Швейцариялық  Credit Suisse қаржы конгломераты 2010 жылдан бері өзінің жеке Global Wealth Report шығаруда. Миллионерлердің басым бөлігі АҚШ-та -13.6 млн адам (4,06% халықтың жалпы саны), Жапонияда-2.8млн (2.25%), Ұлыбританияда – 2.2 млн (3.49%). Пайыздық жүйемен халықтың жалпы санының  9.24 %-ын құрайтын миллионерлер  Швейцарияда (716 мың адам), Австралияда – 4.67% (1.1 млн), Данияда -4.34% (240 мың) тұрады екен.

Нидерланды да Credit Suisse аналитикалық сараптамасын жүргізе отырып, 2016 жылы көрсеткіш жағдайы 1 млн доллардан асатын 287 мың адам тұрған.

Knight  Frank  сараптамашыларының айтуынша, 2016 жылы республикамызда жағдайы 1 млн доллардан асатын 6 700 адамдар болған(шамамен, 311 млн теңге). Сараптамалық зерттеудің нәтижесінде, олардың саны алдағы он жылда 10 700 адамға дейін өседі. Осылайша, британдық компаниялардың бағалауына сүйенсек, шынымен де, Қазақстанда халықтың 0,04%  құрайтын айтарлықтай ауқатты адамдар (әлемдік есеппен) санын аз дей алмаймыз.

0 пікір
Мұрағат