Қазақстанда ақшадан ауру тарап жатыр
Қазақстанда ақшадан ауру тарап жатыр
6 жыл бұрын 6395

Алматыда дәрігерлер менингит пен туберкулез сияқты аса қауіпті жұқпалы дертті таратушы бактериялар қағаз ақшадан табылды деп дабыл қағып жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Күнделікті гигиенаның сақталмауы салдарынан көзімізге көрінбейтін қауіпті заттар адам организміне еніп, соңы қайғылы жағдайға әкеп соғуы әбден мүмкін екен.

"Ақша — қолдың кірі" деген тегін айтылмаса керек, күнкөрісте өзіміз пайдаланып жүрген банкноттарда бактерия мен жұқпалы дерт қоздырушылар көптеп табылады. Ал неғұрлым ескі ақшада соғұрлым бактерия көп болады екен. Мамандар дәлледегендей, бір қағаз ақшаның өзінде 500-ден аса микроағза кездеседі. Онымен қоймай, банкноттағы бактериялар аса өміршең болады.

Ақшаның осындай қаупі туралы алматылық дәрігерлер халыққа ескерту жасады.

"Көп адамдар ойланбастан ақша санаған кезде ауыздарына саусақтарына салып, түкіріп, жатады. Бұл адамдарда жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупі өте жоғары. Бацилла, стрептококк, ішек таяқшасы… Банкноттарда өте жиі кездесетін бактериялар осылар", — дейді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім жетекшісі Алмаш Ахметова.

Ақшаны мекеніне айналдырған бұл микроағзалар адамға фарингит, менингит, өкпе қабынуы, туберкулез сияқты ауру жұқтыруы ғылыми тұрғыда дәлелденді. 

0 пікір
Мұрағат