Ғалымдар тамақты аз жеудің жолын айтты
Ғалымдар тамақты аз жеудің жолын айтты
6 жыл бұрын 5364 bag.kz

Егер адам күні бойы тамақты аз мөлшерде жесе, мида ашығу сезіміне жауап беретін нейрондар басылып отырады. Мұндай қорытындыны Пенсильван университетінің ғалымдары шығарды, деп жазады Daily Mail

Биологтар ашығу сезіміне жауап беретін гипоталамус нейрондары мен тамақтың түрі, иісі, дәмі арасындағы байланысты зерттеді. Олар талдаудың бірінші кезеңінде зертханадағы аш тышқандарға ешқандай тағамсыз тек иістендірілген гель беріп отырды. Ол гель гипоталамустағы нейронға жауап қайтарды. Бірақ бірнеше уақыттан кейін тышқандардың миы қайтадан «ашпыз» деген сигнал бере бастайды. Ал, тағы да осы «бос» гельді қайта-қайта берген кезде гипоталамус бұл дәмге «жауап бермей» қойыпты.

Содан кейін ғалымдар гельге аздаған калория қосып береді. Бұл ашығу сезімін алдындағыдан ұзағырақ уақытқа басады.

Зерттеудің үшінші кезеңінде тышқандарға асқорыту кезінде бөлінетін пептид YY, амилин және холецистокинин гормондарын беріп көреді. Сонда кеміргіштер тамақ ретінде жейтін еш нәрсе қабылдамағанымен, тоқ болып отырған. Яғни, мидағы нейрондар «тамақ сұрамаған».

Зерттеу авторлары гормондардың ашығу сезіміне әсерін үйренуді жалғастырамыз деп отыр. Ғалымдардың миды «алдауды» үйренеміз деген үміті бар. Осылайша олар артық салмағы бар адамдарға көмектесетіндіктеріне сенімді.

0 пікір
Мұрағат