Өздігінен басқарылатын танкі прототиптері (видео)
Өздігінен басқарылатын танкі прототиптері (видео)
5 жыл бұрын 2559 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-та үш компания экипажсыз басқарылатын әскери техника прототипін жұртшылықтың назарына ұсынды. Бұл жайында Warspot ақпарат көзі хабар таратты. Жеңіл роботталған танкі жобасы қазан айының 15-і күні AUSA (АҚШ әскерінің қауымдастығы) 2019 конференциясы барысында таныстырылды. Rheinmetall, BAE Systems және Textron компанияларының әскери технкикалары RCV (Robotic Combat Vehicle) деп аталатын бағдарлама аясында құрастырылған болатын. Яғни, қашықтан әрі дербес басқарылатын әскери машина.  Rheinmetall компаниясының жобасы Mission Master атауына ие болса, BAE Systems компаниясы Robotic Technology Demonstrator (RTD) жобасымен шықты, ал Textron компаниясы Ripsaw M5 атауы берілген жобасы таныстырылды. Роботталған платформа түрлі әскери үлгілермен жабдықталған – тобырды таратуға арналған құралдан бастап, 30-мм зеңбірегіне дейін қамтылған. Минадан тазарту әрі барлау нұсқасы да қарастырылған.

0 пікір
Мұрағат