ОСМАН (Р.А.) ҚҰРМА БАҒЫ ӘЛІ ДЕ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ЖАРАП КЕЛЕДІ (ФОТО)
ОСМАН (Р.А.) ҚҰРМА БАҒЫ ӘЛІ ДЕ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ЖАРАП КЕЛЕДІ (ФОТО)
8 жыл бұрын 6556 Ihsan.kz

Таңғаларлық жайт, Мединедегі бұл құдық пен құрма бағы үшінші халифа Осман ибн Аффаннан (р.а) бері халықтың игілігіне жарап келе жатыр. 1400 жыл уақыт өтсе де, халық құрма ағашының жемісін жеп, құдықтың суын күні бүгінге дейін пайдаланып отыр. Тіпті ол үшін ешқандай ақша да, салық та төлемейді. Румэйа деп аталып кеткен құдықтың суы мен құрма ағашының жемісі Осман (р.а) кезінде қажыларға тегін таратылатын, әлі де сол үрдіс жалғасын тауып келеді

Ал құдықты Осман ибн Аффан (р.а.) Мединеде тұратын бір еврейден алған. Басында екеуі кезек-кезек қолдануға келісімшарт жасасады. Бір күн Осман (р.а.) қолданса, екінші күн еврей қолданады. Бірақ аяғында еврей құдықты Османға (р.а.) толықтай сатуға шешім қабылдайды. Өйткені Осман (р.а.) өз кезегінде суды тегін тарататын болғандықтан, екінші күні ол жерге ешкім бара қоймады екен.

Осман Империясы кезінде Осман (р.а.) сатып алған құдықтың маңайына ел билеушілердің бірі 1500 құрма ағашын отырғызған. Бұл бақтан өсіп шыққан құрма қаражатын Османға (р.а.) уақыф ретінде берген.Құрмадан түскен табыс Пайғамбарымыздың (ﷺ) Мединедегі мешітін салуға жұмсалады. 

Финиковый сад халифа Усмана (р.а.), который кормит людей на протяжении 1400 лет

 Финиковый сад халифа Усмана (р.а.), который кормит людей на протяжении 1400 лет

Финиковый сад халифа Усмана (р.а.), который кормит людей на протяжении 1400 лет

0 пікір
Мұрағат