Нейробизнес: Компаниялар өз тауарын өткізу үшін сіздің санаңызды қалай жаулайды
Нейробизнес: Компаниялар өз тауарын өткізу үшін сіздің санаңызды қалай жаулайды
6 жыл бұрын 5938 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Адамға не ұнайтынын  немесе ішінен нені қалайтынын қалай анықтауға болады? Маркетологтар адамның сөзіне сенуге скептикалық тұрғыдан қарайды. Алайда, мұның да жолы табылған секілді. Олай детініміз, компаниялар өз өнімін өткізу үшін түрлі қулыққа барып жатады. Солардың ішіндегі ең қуаттысы әзірге жарнама болып тұр. Жарнама арқылы арбап, ақша табуға болатын болса оның өзі де аздық етеді. Компаниялар үшін. Қазіргі таңда маркетологтар ғылымға арқа сүйей бастады. "Нейромаркетинг" термині осылайша пайда болған. Нейромаркетинг технологиясы 1990-шы жылдардан бастап қолға алына бастады. Тарихына шолу жасап, тарқатыңқырап айтсақ, Джеральд Залтман есімді маркетолог адамдардың эмоциясына қарап, олардың нені қалап тұрғанын анықтаудың жолын тапты. Оның бұл идеясы Coca-Cola, General Motors және Procter & Gamble әлемге әйгілі компаниялардың оң жамбасына келді. Содан бастап адам санасын жаулау басталды. Ол үшін адамдарға магнитті-резонансты томография жүргізсе жетіп жатыр. Ол өз кезегінде қандай да бір азыққа немесе өнімге қарағанда адам миындағы қан айналымының қалай өзгертетінін көрсетіп береді. Бүгінгі таңда ғалымдар тек адам миын ғана емес, сонымен қатар, адамның өзге сигналдарын да зерделеуге кіріскен. Аталмыш сала бойынша. Мәселен, жүрек қағысы, көз қарашығының қозғалысы, т.б. HD-камера микромимиканы ұстап қалуға көмектеседі. Бұл бағытта талай мәрте тәжірибе жасалып, олардың бәрі сәтті аяқталған. Мәселен, Apple бірнеше гаджеттің дизайнын ойлап тапты. Ал Coca-Cola және PepsiCo дәм талғамын талдай алатын деңгейге жеткен. Біреудің пульсі арқылы Mercedes-Benz немесе Smart-ты қалай қабылдайтынын біліп алуға болады. Daimler концерні адамдарға адам жүзі алдына қарайтын машиналардың ұнайтынын анықтаған. Соған байланысты машина фарын адам көзін еске түсіретіндей етіп жасады. Мұндай мысалдар мың-сан. Әлемдік брендке айналған eBay, General Electric, IBM, Disney және Amazon - бұлардың бәрі нейромаркетинг технологиясын ұдайы қолданады. Ең басты минусы, яғни, кемшілігі - бұл қызметтің ақысы тым қымбатқа түседі: күрделі құрылғыны айтпағанда, тұтас бір топтың көмегін қажет етеді: нейрофизиолог, программист, аналитик, маркетолог, менеджер.  

0 пікір
Мұрағат