Мектеп қабырғасында смартфон қолдану білім беру процесіне кері әсерін тигізе ме? (видео)
Мектеп қабырғасында смартфон қолдану білім беру процесіне кері әсерін тигізе ме? (видео)
8 жыл бұрын 3374 khabar.kz

Қызылордалық прокурорлар мектеп қабырғасында оқушылар мен ұстаздардың смартфон пайдалануына тыйым салуды ұсынды.  Айтуларынша, білім ошақтарында болатын қылмыс атаулының 65 пайызы осы гаджеттерді ұрлаумен байланысты. Әрі әлеуметтік желілердегі суицидті насихаттайтын парақшаларға тіркелген оқушылар саны артқан.  Естеріңізде болса, бұған дейін осындай бастаманы Оңтүстік Қазақстан облысының билік өкілдері мен қостанайлық прокурорлар да көтерген еді. Арнамыздың тілшілері бұл мәселе бойынша салалық министрліктің ұстанымын  Әйгерім Әлібекова, ҚР БҒМ баспасөз хатшысы: - Аталған норманы мектеп әкімшілігі міндетті түрде ата-аналар қауымдастығымен талқыға салып, олармен келісу қажет. Келісімге келген жағдайда мектептің жарғысына өзгерістер енгізу керек. Бұл ереже заңды күшіне енгеннен кейін міндетті педагогикалық қауымдастыққа да, оқушыларға да қатысты болады.

 

1 пікір
  • Смартфон ұстатпаған жөн деп ойлаймын,онсызда үйде де ұстап үлгереді.Тым құрығанда мектеп уақытында интернетпен санасын уламаса екен.
    8 жыл бұрын
Мұрағат