Майлы тағамның қаншалықты қауіпті екені анықталды
Майлы тағамның қаншалықты қауіпті екені анықталды
6 жыл бұрын 3425

Колумбия университетінің ғалымдары майлылығы жоғары тағамды пайдалану ерте өлімге әкелетінін анықтады. Бұл туралы MedicalXpress сайтында жарияланды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі. 

Зерттеушілер микроскопияның жаңа әдісін ойлап тапты. Оның көмегімен адам ағзасы май қышқылдарын қалай сіңіретінін қадағалауға болады.

Тың әдісті пайдаланған ғалымдардың зерттеу қорытындысы да шықты. Майлылығы жоғары қышқылдар плазматикалық мемрандардың құрамына кіріп, ағзадағы қабыршақтарды зақымдай бастайды. Сонда теп-тегіс болып тұру керек ағзалар жиырылып, бетінде қабыршақ пайда болады. Яғни, майлы тағам түскен орындар жай-жай өз құрамын бұза бастайды да, уақыт өте келе ұлғайып, жасушалар қатты зақымданады.

Ал, майлылығы төмен қышқылдар, керісінше, липидті түйіндердің еруіне әсер етеді. Сондықтан құрамында майлылығы төмен тағамдар (балық, өсімдік майы, жаңғақтар) адам денсаулығына жақсы әсер етеді.

0 пікір
Мұрағат