Компьютерлік ойынға тәуелділіктің жеткіншекті қандай жағдайға жеткізгенін көргіңіз келе ме (видео)
Компьютерлік ойынға тәуелділіктің жеткіншекті қандай жағдайға жеткізгенін көргіңіз келе ме (видео)
5 жыл бұрын 2485 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлеуметтік желіде компьютерлік ойынға тәуелді болып қалған баласын анасының қалай тамақтандырғаны көрсетілген видео қызу талқыланып жатыр. Аталмыш ролик ақпан айының 21-і күні YouTube арнасында жарияланған. Компьютерге тәуелді болып қалуына байланысты 13 жастағы жеткіншек мектепке баруды да қойған. Бұл отбасы Филиппинде өмір сүреді. Компьютерлік ойынға тәуелді болып қалған баланың анасы Лилибет Марвел баланың өздігінен тамақ ішуден қалғанын алға тартып отыр. Жеткіншек Rules of Survival ойыны десе ішкен асын жерге қояды. Сөз орайы келгенде айта кетейік, өткен жылдың маусым айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ойынға құмарлықты аурулар тізіміне енгізген болатын. 

 

0 пікір
Мұрағат