Картаны алаяқтардан қалай қорғауға болады
Картаны алаяқтардан қалай қорғауға болады
4 жыл бұрын 2433

Қаржылық алаяқтықтың кезекті әдістері банктен келіп түсетін SMS-хабарламаларды жол-жөнекей рұқсатсыз алуға байланысты. Fingramota.kz бұл схемалардың қалай жұмыс істейтіндігін және өзіңізді және өз картаңызды қаржы алаяқтарынан қалай сақтау керектігін айтады. Бұл жайында naryk.kz ақпарат көзінің материалынан оқып біле аласыздар.

SIM-свопинг (SIM-картаны ауыстыру) әлемде криптовалюталарды ірі ұрлаудан кейін кең танымал болды. SIM-карталарды ауыстыру арқылы, сондай-ақ банктік шоттардан ақша алып алуды немесе төлем картасындағы ақша қаражатын шығарып алуды, егер олар телефон нөміріне тіркелген болса қолға түсіру оңай болады. Шынында да, картадан картаға ақша аудару ма немесе онлайн-банкинг жүйесінде тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу бола ма, бәріне қаржылық операцияларды SMS – хабарламалар арқылы растау  – әдеттегі, күнделікті іс десек те болады. 

SIM-свопинг немесе SIM-картаны ауыстыру – қаскөйлер жәбірленушінің телефон нөмірін тауып, өзін сол нөмір иесі ретінде ұялы байланыс операторына байланысу арқылы SIM-картаны өзіне қайта шығаруды сұрайтын схема. Сәтті шабуылдаған кезде алаяқтар аккаунтпен тіркелген телефон нөмірін толық бақылауға алады.

SIM-свопинг – бұл нақты қаржылық шабуыл және өте қиын екенін білесіз, сондықтан алаяқтар картасында ірі сома болуы мүмкін нақты клиент үшін қолданады.

Өкінішке орай, осындай алаяқтық схема арқылы ұрланған ақшаны қайтарып алу өте қиын. Егер сіз SIM-свопинг құрбаны болсаңыз, онда сіз міндетті түрде құқық қорғау органдарына жүгінуіңіз керек, сондай-ақ, болған оқиға туралы өз банкіңізге, ұялы байланыс операторына және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне хабарлауыңыз керек.

Телефон нөмірін ауыстыру – алаяқтықтың тағы бір тәсілі. Ол былай көрінеді: сізге таныс нөмірден (банктен немесе өзге қаржы ұйымынан) қоңырау шалып, мысалы, төлем картасының деректемелерін хабарлауды немесе сіздің нөміріңізге жіберілген SMS–хабарламаның кодын атауды сұрайды. Бұл сіздің қауіпсіздігіңіз, мысалы, сіздің шоттардағы күдікті белсенділікке байланысты жасалған сияқты көрінеді. Қаскөйлерге маңызды ақпаратты бере отырып, сіз сол арқылы картадағы және шоттардағы өз қаражатыңызға қауіп төндіресіз. 

Егер алаяқтар сіз туралы жеткілікті ақпаратқа ие болса, ол сіздің атыңыздан тауарлар мен қызметтерді сатып алу, жаңа шоттар ашу, ақша аудару немесе кредит алуға өтінім бере алады.

Замануи технологиялар кез келген нөмірді «қолдан жасауға» мүмкіндік береді, ал алаяқтардың өздері ғаламшардың басқа шетінде болуы ықтимал. Тиісінше, шығындардың орнын толтыру мүмкін болмайды. SIM-свопинг схемасынан айырмашылығы, мұнда «сіздің қауіпсіздігіңіз – сіздің қолыңызда» қағидаты жұмыс істейді, яғни сіздің қаражатыңыздың қауіпсіздігі сіздің сақтығыңыз бен қырағылығыңызға байланысты. Конфиденциалды ақпаратты ешкімге хабарлауға болмайды. Ең дұрысы – әңгімені аяқтап, қоңырауды іліп қойып, ақпаратты нақтылау үшін қызмет көрсететін банкке қоңырау шалу қажет. Сондай-ақ банктің жақын орналасқан бөлімшесіне барып, алаяқтық әрекет туралы өтініш жазған жөн. 

Банктерде банк қызметкерлері іс-әрекеттерінің регламенті бар, соған сәйкес олар клиентке карта бойынша деректерді не алынған SMS бойынша деректерді ұсынуды талап ете отырып, бірінші болып ешқашан қоңырау шалмайтынын есте ұстаңыз. Осы мәселе бойынша кез келген әңгімелесуге клиенттің өзі ғана бастама жасайды.

Егер сіз алаяқтықтың құрбаны болсаңыз не істеу қажет? 

Өз банкіңіздің менеджеріне шұғыл хабарласыңыз, өтініш жазып, құқық қорғау органдарына жүгініңіз.

Сондай-ақ, егер өзіңіздің шоттарыңызда әдеттен тыс белсенділікті байқасаңыз; өз шоттарыңызға қолжеткізе алмасаңыз; сіздің картаңызды қызмет көрсетуге қабылдамаса, өзіңізге қызмет көрсететін банкке жүгінгеніңіз дұрыс.

Өзіңіздің дербес деректеріңізге мұқият болыңыз! Банктік сервистерге тіркелген өз телефон нөміріңізді Интернетте көрсетпеңіз. Өзіңіздің нөміріңізді және картаның деректерін бөгде адамдарға айтпаңыз. бұл ақпаратты түрлі конкурстарға қатысу үшін промоутерлер тарататын сауалнамаларда немесе әлеуметтік желілерде көрсетпеңіз. Осы телефон нөміріне электрондық поштаның, әлеуметтік желілердің аккаунттарын және электрондық әмиянды тіркемеңіз. 

Егер қаржылық жағдайыңыз мүмкіндік беретін болса, банктік аккаунт тіркелетін  SIM-картаға арналған бөлек телефон алыңыз және оны үйде сақтаңыз, ол нөмірдің бұғатталып қалмауы үшін анда-санда болсын пайдалануды ұмытпаңыз. 

Сақ болыңыз, қаскөйлер SIM-свопинг сияқты күрделі және қиын тәсілдерге бармай-ақ, сіздің телефоныңызды қолға түсіруі жеткілікті, осылайша барлық қосымшаларға, оның ішінде мобильді банкингке қолжеткізу алады. Сондықтан сматрфонды қараусыз қалдырмаңыз.  

Осындай қарапайым, алайда тиімді ережелерді сақтау сіздің ақшаңызды алаяқтардан қорғауға мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат