Жылыжай тектес үйлер (фото+видео)
Жылыжай тектес үйлер (фото+видео)
5 жыл бұрын 4263 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әдетте үй тұрғызғанда ең алдымен іргетасының берік әрі суық мезгілде жылы болуына мән беріп жатады. Бұл жағынан келгенде алғаш пайда болғанына табаны күректей 40 жыл өткенімен әлі күнге кең етек ала қоймаған жылыжай тектес үйлерден артығы жоқ. Еуропалық сәулетшілер мен ғалымдар энергияны барынша үнемдеуге мүмкіндік беретін әрі экологияға зиянсыз үйлердің концепциясын жасау үстінде. Әлі ізденіс үстінде, әлі күнге бар нұсқасын жетілдіру қамында тер төгіп жүр. Жылыжай түріндегі үйлер сондай ізденістің нәтиесінде пайда болғанын айта кету керек. Мұндай үйлерді Германия мен Швеция аумағынан кездестіруге болады. Жылыжай тектес үйлер Tailor Made Arkitekter сәулет бюросында жұмыс істеген Еуропада танымал Бенгт Варнның жобасы болып табылады. Ол осыдан аттай 40 жыл бұрын Стокгольм қаласы маңындағы шведтердің Веттерн көлінің жанынан ерекше үй тұрғызды. Мұндай үйді тұрғызуға астық пен өзге де ауыл шаруашылық өнімдерін сақтау қажеттілігі итермелеген еді. Бас қатыратын күрделі ештеңесі жоқ, қалың шыны ішінде орналасқа екі қабатты үй көпке ой салған болатын. шатыры да қабырғасы да шыныдан тұрғызылған үй адамдарға да, өсімдіктерге де жайлы болды. Барынша жарық пен жылу ортасында өмір сүруге мүмкіндік беретін аталмыш жоба швед тілінен аударғанда «табиғат үйі» деген мағынаға саятын Uppgrenna Nature House деп аталған болатын. Мұндай жылыжай тектес үйлерде, мәселен, сырттағы ауа температурасы 3-4 градус суық болса, үй мен шыны арасындағы температура 16-20 градус болады. Жылыжай тектес үйлердің құны 75000 еуродан аспайды.

 

0 пікір
Мұрағат