Жол ережесін бұзудың алдын алатын құрылғы ойлап табылды (видео)
Жол ережесін бұзудың алдын алатын құрылғы ойлап табылды (видео)
6 жыл бұрын 3564 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Француздар ерекше әлеуметтік жоба ойлап тапты: бағдаршамдағы қызыл жарықты елемей жолды қиып өтпек болғандардың үстіне су шашырататын. Осылайша, ой үстінде кетіп бара жатып, қызыл жарықты байқамайтындардың есін жиғызатын, біліп тұрып, жолды қиып өтпек болғандарға ескерту жасайтын жоба Қытайда да қолданыла бастады. Дәлірегі, Қытайдың Хубей провинциясына қарасты Дайе қаласында қолға алынған екен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде таптырмайтын француздар жобасы. Ал жасыл жарық пайда болғанда, жаяу жүргіншіге жолдан өте беруге болатыны айтылып қоймай, сонымен қатар, жолдан жылдам өтуге және қауіпсіздік талаптарын есте ұстауға кеңес беріледі. Егер қызыл жанса, жүйе жолды қиып өтуге бел байлағандарға су шашырайтыны жөнінде естеру айтылады. Бағдрашам бағанасы қозғалысты қалт етпей бақылайтын датчиктермен жабдықталған. Бұдан бөлек, жол ережесін елемегендерді құрылғы таспаға тартып алып, полицияға жөнелтеді. Онда адамның жеке басы адамның жүзін тану жүйесінің көмегімен анықталып, жол ережесін бұзғандарға тиісті шаралар қолданылады. Сондай-ақ, жол ережесін бұзғандардың суреті мен аты-жөні жол айрығындағы экранда көрініп тұратын болады. Аталмыш жүйе 200 мың доллар қаржыны қажет етеді. Яғни, теңгеге шаққанда шамамен 65-5 млн теңге. 

 

0 пікір
Мұрағат