"Тірі әруақ" таспаға тартылып қалды (видео)
"Тірі әруақ" таспаға тартылып қалды (видео)
4 жыл бұрын 1760 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Үндістанда орман шаруашылығының қызметкерлері әлеуметтік желі пайдаланушыларынан өздері таспаға тартып алған жұмбақ жәндіктің қалай аталатынын сұрапты. Парбин Касуан есімді орман шаруашылығы қызметкерінің әлеуметтік желіде бейнесін жариялаған жәндіктің қандай жәндік екенін тек бір оқырман ғана таба алған. Шегірткенің қаңқасына немесе қозғалатын бұтақтарға ұқсайтын құпия тіршілік иесі туралы көп адам біле бермейді екен. Тіпті, кейбіреуі мұндай жәндікті өмірінде алғаш рет көріп тұрғанын жасырмапты. Қимылсыз қалса, оны бұтақпен шатастыруыңыз мүмкін. Бойында жаны бар тіршілік иесінің қынапты шегіртке екенін тап басып айтқан бір-ақ адам болды. Жауына жемтік болмасы үшін өзін жасыруда көз алдайтын табиғи қабілетін шебер пайдаланатын сирек кездесетін жәндіктердің бірінен саналады.

0 пікір
Мұрағат