Теңіз жылқысы "төлдеді" (видео)
Теңіз жылқысы "төлдеді" (видео)
4 жыл бұрын 3352 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Еркіндікте болмаса, балықтың бұл түрі ұрпақ өрбіте бермейді. Сан-Диегодағы Калифорния университетнің Скриппса океанография институтында ерекше аквариум жасалды. Онда табиғатта сирек кездесетін теңіз жылқысының туысы болып келетін Phyllopteryx taeniolatus деп аталатын теңіз айдаһары орналастырылған. Жабайы табиғатта олар Австралияның оңтүстік-батыс акваториясының коралл рифі маңында ғана тіршілік етеді. Phyllopteryx taeniolatus жұмыр денелі, жүзбе қанаты мен кішкентай басы бар балық. Денесінің көп бөлігі сарғыщ, қызғылт болып келеді әрі ұсақ дақтар жапқан. Ал омырауы жағынан кең жолақ тартылған. Табиғи ортада аталмыш балықтың дене тұрқы 60 сантиметрге дейін өседі ал аквариумда 30 сантиметрге дейін өсетіндері аз. Аталған оғарғы оқу орнындағы бес метрлік аквариумде 11 теңіз айдаһары мен үш Phycodurus eques бар. Аквариум барынша олар тіршілік ететін табиғи ортаға ұқсатып жасалған. Олардың ұрпақ өрбітуі үшін. Тарихта тұңғыш рет 2001 жылы аквариумде теңіз жылқысы «төлдеген» еді. Дәлірегі, Лонг-Бичтегі Тынық мұхиты аквариумында төлдеген болатын. Теңіз жылқыларының тұқымы тұздай құрып барады: экологияның нашарлауы, судың ластануы, контрабандалық әрекеттерден жойылу қаупі төнген. Оңтүстік-шығыс Азия елдері оның шипалық қасиеті жоғары деп есептейтіндіктен оны заңсыз жолмен аулайтын браконьерлер көп. Сол себепті, оларды аквариумде ұрпақ өрбітуі үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Жойылып кетуден сақтаудың бірден-бір жолы ретінде.

 

0 пікір
Мұрағат