Сирек кездесетін ерекше теңіз тіршілік иесі таспаға тартылып қалды (видео)
|
EVNautilus ақпарат көзінің таратқан хабарына қарағанда, Гавайдағы Папаханаумокуакеа ұлттық, теңіз ескерткіші орналасқан аумақта суасты тереңдігін зерттеген «Наутилус» экспедиция кемесі бір қарағанда бірқазан құсқа ұқсас, тек ауыздан ғана тұратын тұрқы ерекше балықты таспаға тартып алыпты. Бұл ғылымға әрі адамзатқа енді ғана белгілі болып отырған балық емес, бұрыннан анықталған, алайда, сирек кездесетін Eurypharynx pelecanoides балық түрі. Қапқа ұқсайтын арандай аузы бір мезетте ауға айнала алады. Бұл ерекшелік өз кезегінде балықтың жемтігін аулауда көп көмегін тигізеді. Бұл видеода, ғалымдардың айтуынша, аталған балықтың үлкені емес, жас балық.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Тәуліктің ең қауіпті сағаты түнде екені анықталды
■
Сейсмикалық қауіпті қалада жер қозғалса «қозғалмайтын» зәулім ғимарат бой көтерді (фото)
■
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Түркия алғаш рет қарт тұрғындары көп елдер санатына енді