ШҚО тауларындағы сирек кездесетін аңдар фотоқақпанға түсіп қалды (ФОТО)
ШҚО тауларындағы сирек кездесетін аңдар фотоқақпанға түсіп қалды (ФОТО)
8 жыл бұрын 3447 YK-news.kz

Күршім және Зайсан аудандарының таулы мекендеріндегі манул, арқар және басқа да фауна өкілдері кадрға ілінген.

ШҚО осы аудандарындағы фотоқақпандарды новосібірлік «Сибэкоцентр» қоғамдық бірлестігі өткен жылы орнатқан. Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының сайтында «Сибэкоцентрдің» далалық экожүйелерді зерттеумен айналысатыны жазылған.
null 

Маусым айының аяғында видеобақылаудың нәтижесін тексерген ресейлік мамандар бақылау нәтижесінің көңілден шыққанын айтуда.

 null

 «Фотокадрлардың бірінен манулды байқадық. Бұл жануардың әлі де өзіне үйреншікті жерде мекендеп келе жатқанын дәлелдейді, - деп жазылған табиғи ресурстар басқармасында. -  «Сибэкоцентр» қызметкерлері біздің даламызды Ресеймен, Моңғолиямен салыстырып, Аягөз, Абай, Тарбағатай, Күршім аудандарындағы далалық жыртқыш құстар мен манулдар анағұрлым жақсы экологиялық ортада екенін айтты».

Басқарма мен сібірліктердің біріккен жұмысы келер жылы да жалғасын табады. 

0 пікір
Мұрағат