Құрғақшылық жайлағанда құрлықта ұйқыға кететін балық (фото+видео)
Құрғақшылық жайлағанда құрлықта ұйқыға кететін балық (фото+видео)
5 ай бұрын 604 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Африка құрлығындағы суы тұшшы көлдер мен тоғандарды табиғатта сирек кездесетін ерекше балық мекендейді – протоптер деп аталатын балық бірнеше ай бойыөзі қазған інге тығылып сусыз тіршілік ете алады. Жауынсыз маусым басталғанда ол ұйқыға дайындалады. Ол үшін өзіне ін қазып (аузымен қазады – босталығна топырақты желбезегінің саңылауы арқылы артқа лақтырады) артынан 60-9 айға, тіпті, одан да көп уақытқа ұзақ ұйқыға кетеді. Осылайша қашан су келгенше інінен шықпайды. Інінде ол тыныс алу үшін басын шығаруға қолайлы күйінде жайғасады. Інінен басын шағырғанымен қайта жасырыну үшін кері бұрылып жатпайды, артымен шегініп, бой жасырады. Уақыт өте келе ары-бері қимылдаудан іні топырақпен бітеледі – алайда, балық тұмсығымен бітелген жерді түртіп титтей саңылау ашады – су толық тартылып, табанын жарылған кезде пайда болатын саңылау арқылы енетін ауамен тыныстап ұйықтай береді. Ал іннің беті мүлде бітелген жағдайда ол шырыш бөліп, өзіне қажетті ылғалды орта қалыптастырады.

0 пікір
Мұрағат