Қанаты мен құйрығы жоқ әлемдегі жалғыз құс (фото+видео)
Қанаты мен құйрығы жоқ әлемдегі жалғыз құс (фото+видео)
5 ай бұрын 1004 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қазақ айтатын «Құйрығы жоқ, жалы жоқ Құлан қайтып күн көрер» метафорасын құсқа да қарата қолдануға болатын секілді... Салмағы 1,4-4 келі аралығындағы тауықтың тұрқындай өзгеше құс Жаңа Зеландияда тіршілік етеді. Жаңа Зеландия өзге құрлықтардан бөлініп кеткелі өзінше оқшау аралда тіршілік ететін жануарлардың, яғни, жергілікті фаунаның басқа құрлықтағыларға қарағанда айырмашылығы көп. Соның ішінде біз сөз еткелі отырған киви құсы эволюциялық процестен – бәскелестерінің болмауынан, табиғи жауының жоқтығынан қанатсыз өмір сүруге дағдыланған. Есесіне жүгіргенде аяқтарына шаң жұқпайды. Қанатының жоқтығынан бөлек басқа да оны өзгешелеп тұратын қырлары жеткілікті. Мәселен, аталған құстың құйрығы да жоқ. Киви жемтігін түнде аулайтын, түнде жортатын құстар санатына жатады. Сол себепті, алдымен көзінің көру қабілеті емес, иіс сезі қабілеті мен есту қабілеті жақсы дамыған. Ол орман-тоғайда, батпақты жерлерді мекендейді. Киви – аңа Зеландияның мемлекеттік ресми символына айналған құс. Жаңа Зеландияны өзге құрлықтардан айрықшалап тұратын символ үшін аталған құстың таңдап алуында осы өлкеде ғана тіршілік ететіні себеп болса керек. Киви ұша алмайды, құйрығы жоқ дедік. Бұлдардан бөлек, олардың тілі де жоқ екенін білесіз бе? Бұл құстың 5 түрі кездеседі табиғатта. Олардың барлығы тек Жаңа Зеландияда тіршілік етеді. Сондықтан шығар, киви аталған елдің ресми емес эмблемасына айналғаны. Салмағының үштен бірін тырнақтары сояудай табанының салмағы құрайды. Десе де кивидің қанаты мүлде жоқ деген жаңсақ ұғым. Көзге көрінбейтін қысқа қанаты бар. Ұшуға қажеттілік болмаған соң эволюция өз дегенін істеп, қанаты кішірейген. Жоғарыда айтып өткеніміздей, кивидің иіс сезі қабілеті жақсы дамыған. Басқа құстардікіндей емес, оның танауы тұмсығының ұшында орналасқан. Ал тілінің орнында вибрисс (қазақша айтқанда, қылтан) бар – дәм сезу қабілетіне жауапты ағзасы. Киви өзінің тіршілік ететін аумағында, яғни, шамамен 1 шақырымды құрайтын өз территориясында 50-ге тарта бой жасыратын, көзден тасалайтын пана жасайды. Інін қазғаннан кейін онда бірден тұрақтамайды – кем дегенде бір апта немесе екі апта күтеді – шөп басып, ескіргенше. Сонан кейін ғана орналасады. Шөп басқан ін бой тасалауға, жасырынуға көп көмектеседі. Ол ағаштан үзілген алмамен, құрттармен, жәндіктермен, ұлулармен, тіпті, кішкентай бақалармен қоректенеді. Олардың шағылысу мерзімі маусым айынан наурыз айына дейін созылады. Құстардың ішіндегі жұмыртқасы дене тұрқымен салыстырғанда ең үлкені – осы киви. Олардың жұмыртқасының өзі киви салмағына шаққанда үштен бірін құрайды. Жұмыртқаны еркегі басады – 75-85 күнде балапан басып шығады. Жұмыртқа жарған балапандарын жайына қалдырады, былайша айтқанда, қарамайды. Балапанның тері астындағы май қоры 2-3 күнге жетеді – жүні өсіп шығатын уақыт. Балапан 3-5 жылда сақаяды. Ал ересек кивилер 50-60 жыл ғұмыр сүреді. Десе де аталған құстың 90%-ға дейіні алғашқы 6-7 айында өліп қалады. Еуропадан келген түрлі популяцияның көбеюіне байланысты кивилердің тіршілік ететін ортасы тарылып әрі қауіп артып, олардың қарасы ХХ ғасырдың соңына таман күрт кеміп кетті. Бүгінгі таңда олардың санын көбейту үшін аталған ел билігі түрлі шараларды қолға алып жатыр. 1991 жылдан бері заңмен қорғауға алынған әрі қызыл кітапқа енгізілген. Соған байланысты олардың тірі қалу үлесі 50 пайызға артқан.

Cтроения тела птицы киви и крылья

 

0 пікір
Мұрағат