Пілдердің "ақтық сапарға" шығарып салу жоралғысы (видео)
|
Шри-Ланканың Анурадхапура қаласы маңындағы қорықта үйір үшін болған шайқастан өлген "көсемді" жүздеген піл "ақтық сапарға" шығарып салған. Бақұлдасуы дейміз бе, басқаша айтасыз ба, өз еркіңіз, жылы жақта ғана кездесетін алып жануарлардың бұл рәсімі куәгерлердің назарын өзіне еріксіз аударған екен. Куәгерлер ерекше көріністі таспаға тартып алып, Newsflare ақпарат көзінде жариялапты. Ажал аузында жатқан "көсемнің" маңында шамамен 300 піл жиналып, тұмсықтарымен сылап-сипап, көңіл білдірген екен. Сөз орайы келгенде айта кету керек, піл - сүтқоректілер ішіндегі өліммен байланысты өз жоралғысын атқаратын жалғыз хайуан.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Түріктердің алғашқы отандық KTJ-3200 турбореактивті Atmaca зымыраны сынақтан сәтті өтті
■
CerebraAI стартапы Сауд Арабиясында $150K Community LEAP сыйлығын жеңіп алды
■
Сауд Арабиясының 200 мектебі қазақстандық CodiPlay технологиясын қолданатын болады
■
Араб ғалымдары ауадан су алудың әдісін тапты
■
Бірде-бір басатын түймесі жоқ ноутбук жұртшылық назарына ұсынылды (видео)