Палеонтологтар тас жүрек тауып алды (ВИДЕО)
Палеонтологтар тас жүрек тауып алды (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 3079 inform.kz

Халықаралық ғалымдар тобы жүрегімен қоса тасқа айналып сақталып қалған балықтың қаңқасын тауып алып, оны зерттеп шықты. Бұған дейін тасқа айналған тіршілік иесінің ешқайсысының ішкі мүшесі табылмаған болатын. Зерттеу қорытындысы eLife журналында жарияланды.

Жойылып кеткен Rhacolepis buccalis түріне жататын жебе қабықты балықтың қаңқасы бор кезеңіне қатысты тасқа айналған қаңқалар көп кездесетін Бразилиядағы Сантанада табылды. Зерттеушілер қаңқаның жасы шамамен 116-119 миллион жыл деп есептеп отыр.

Бразилия, Франция мен Швеция ғалымдары тасқа айналған балықтың денесін микротомографияның синхротрондық рентгендеу тәсілімен зерттеді. Олар жақсы сақталған жүректі тапты, оның артериальдық конусы - яғни қозғалатын бөлігі айқын көрінеді. Онда бес қақпақшасы бар екендігі белгілі болды.

0 пікір
Мұрағат