Жойылып бара жатқан жануарларды сақтап қалу үшін клондаудан басқа жол жоқ па
Жойылып бара жатқан жануарларды сақтап қалу үшін клондаудан басқа жол жоқ па
6 жыл бұрын 11054 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті
Естеріңізде болса, адамзат осы уақытқа дейін жабайы жануарлардың 83 пайызын жойып, жоқ қылғаны турасында бірер күн бұрын хабар таратқан едік. Қазіргі уақытта ғалымдар Қызыл кітапқа енгізілген жабайы жануарларды сақтап қалу үшін қолдан келген барлық шараны қарастыруда. Қорық ашу, аулауға заңмен тыйым салу, т.б. Десе де бұл шаралар да олардың жылдан жылға азайып бара жатқанын тоқтата алар емес. Адамның ашкөздігінен. Енді ғалымдар олардың тұқымын клондау арқылы сақтап қалуға, осылайша табиғаттағы баланстың одан ары бұзылуына жол бермеуді ойластырып отыр. Мәселен, Африка құрлығының солтүстігінде тіршілік ететін ақ мүйізтұмсық 2007 жылдан бері табиғатта кездесейді. Судан деп аталатын соңғы тұқымы 2018 жылдың наурыз айында өлген болатын. Генетиктер бұл проблеманы шешу үшін сақтап қойған ақ мүйізтұмсықтың ұрығы мен жұмыртқа жасушасын болашақта пайдалануы мүмкін. Тұқымын сақтап қалу үшін. Мұндай тәсіл бұдан былай өзге де құрып бара жатқан жабайы жануарларға қолданылуы мүмкін. 
0 пікір
Мұрағат