Жауарлар әлeмі: Өте сирек кездесетін ақ-сұр кит көзге түсті (видeо)
Жауарлар әлeмі: Өте сирек кездесетін ақ-сұр кит көзге түсті (видeо)
8 жыл бұрын 5774

Мексика жағалауында мұхитта өте сирек кездесетін ақ-сұр кит көзге көрінді. Сүтқоректі жаңа туған төлімен бірге жүзіп жүр. Мамандар бұл жануарды 2008 жылдары кішкентай кезінде алғаш рет аңғарыпты. Негізі сұр киттер Тынық мұхитының солтүстік бөлігінде тіршілік етіп, маусым сайын арлы-берлі көшіп-қонып жүреді екен. Мамандардың сөзіне сүйенсек, олар ақпанның басында Мексикадағы суы жылы түбектерге келіп, көбеюге кіріседі. Сосын наурызда аналық киттер солтүстікке қайтады. Ересек сұр киттердің ұзындығы – 15 метр, салмағы 35 тоннаға дейін барады.

Басы мөлдір балық

 

0 пікір
Мұрағат