Жаратылыс құпиясы: көбелек қанатындағы қара құрдым
Жаратылыс құпиясы: көбелек қанатындағы қара құрдым
4 жыл бұрын 6150 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Көбелектің қара түсті қанаты – қара түсті материал ғана емес, сонымен қатар, жарықты сіңірудің аса күрделі құрылымы. Оны жарықты шағылыстырудың ең төменгі рекордтық көрсеткішіне ие нанотүтікшелі материал болып табылатын Vantablack-пен салыстыруға болатын шығар. Аталмыш жәндіктің қанатындағы қабыршық параметрлерін өлшей алған Дьюка университетінің (АҚШ) ғалымдары осындай тұжырымға келіп отыр. Олар нанотүтікше массивінен әлдеқайда күрделі болғанына қарамастан одан бірнеше есе жұқа болып келеді. Осы орайда біз сөз етіп отырған Vantablackтың қандай материал екенін айта кетейік: ол белгілі қара заттардың ішіндегі ең қарасы көміртекті нанотүтікшеден тұратын субстанция. Қазанның түп күйесіндей қара ол көзге шалынатын жарықтың, микротолқынның, радиотолқынның сәулесін 99,965 %-ға сіңіріп алады. Салыстыру үшін алсақ, қара көмірдің өзі жарықтың тек 96 %-ын ғана сіңіріп алады. Vantablack-тің жарықты сіңіріп алуға қатысты ресми коэффициенті 99,96% болса, көбелек қанатындағы қабыршықта бұл көрсеткіш 99,94 %-ды құрайды. Яғни, одан екі пайызға ғана төмен. Алайда, екеуі де бірдей қара көрінеді. Vantablack-ты адамдар жасады, ал көбелектің қанаты табиғаттың өз төл туындысы, Алланың керемет жаратылысы. Десе де ғалымдар әлі күнге ұшатын жәндікке мұндай қазанның түп күйесіндей радикалды қара түстің не үшін керек болғанын түсіне алар емес. Қалыңдығы бар-жоғы  3-4 нанотүтікшеге (Vantablack синтетикалық материалының қалыңдығының 20 %-ндай ғана болатын) жететін көбелек қанаты қабыршығының құрылымы өье күрделі. Онда ойық та, шығыңқы және тарақты тұстар да, т.б. кездеседі. Яғни, рельеф элементтері жоқ тұстары жарықты 16 есе жоғары шағылыстырады. Сол себепті, ондай тұстары қара емес, қара қошқыл болып келеді. Ғалымдарды жарықты сіңіру аумағы (көбелек қанатын айтып отыр – ред.) үлкен болғанына қарамастан өте нәзік әрі жұқа қабыршық нанотүтікшелерінің мұнша салмаққа қалай төтеп беретіні таңқалдырады. Табиғатта қара қанатты көбелектердің көп кездесетініне байланысты мұндай құрылымды жасау Vantablack нұсқасына қарағанда әлдеқайда арзанға түседі әрі оңай болады. Десе де бұл көбелектердің басына зауал болып төнбеуі тиіс.

Крылья бабочки

0 пікір
Мұрағат