Жануарлар әлемі: Түйеқұс Африкада веложарыстың қатысушысына айналды (ВИДЕО)
Жануарлар әлемі: Түйеқұс Африкада веложарыстың қатысушысына айналды (ВИДЕО)
4 жыл бұрын 2131

Африкалық страус веложарысқа қатысты. Оның күре жолда спортшылардың артынан жүгіруі түсірілген видео Желіде пайда болып, оны жүздеген мың адам қарады.

Кадрларды спортшылардың денесіне орнатылған таспа түсірген. Видеода кенеттен пайда болған құстың велосипедшілердің артынан жүгіріп, оларды қуып жетуге әрекеттенгені көрініп тұр. Түйеқұс күре жолда біршама тез жүгіріп, жарысушыларға әне-міне жетіп те қалатын тәрізді. Алайда құс бір кезде қызығушылығын жоғалтып, күре жолдан бұрылып, таспа назарынан жоғалып кетті.

Велосипедшілердің өздерін алып құстың қуғанын көргенде басында қатты қорыққандарын, одан кейін жағдайдың күлкілі көрінгенін атап өтті. 

0 пікір
Мұрағат