Жануарлар әлемі: Мыңдаған делфиньдерге косаткалардың шабуылы (ВИДЕО)
Жануарлар әлемі: Мыңдаған делфиньдерге косаткалардың шабуылы (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 2495 inform.kz tvzvezda.ru

Әлеуметтік желіде Калифорния суларында торуылдаған косаткалардан дельфиндер  тобының қалай құтылмаққа әрекеттенгені түсірілген видео пайда болды. Бұл кадрларды американдық Майкл Сэк есімді ғаламтор пайдаланушысы жариялады. Бұл оқиғаны көзімен көрген ол: «керек уақытта керек жерге тап болдым, менің жолым болды»,-деп жазды. Кадрлардан мыңға таяу дельфиндердің іздеріне түскен  ондаған жыртқыштардан  құтылу үшін суды қақ жара,  жанталаса қашқан сәттері көрініп тұр. 

Орманда ағашпен бірге жыланды да аралап жіберген (ВИДЕО)

Вашингтон қаласының тұрғыны Райан Сондерс Facebook-тегі өзінің парақшасына араланған жылан түсірілген видеоны салды. Бірнеше адам орманда кәрі ағашты аралап, құлатқан. Жерге құлаған ағаштың араланған тұсының діңгегінен басы кесілген жыланның қалай шыққаны көрініп тұр. 20 сәуірде жарияланған видеоны үш жарым миллион адам тамашалаған.

 

0 пікір
Мұрағат