Жануарлар әлемі: Масаның адам қанын қалай ішетіні анықталды (видео)
Жануарлар әлемі: Масаның адам қанын қалай ішетіні анықталды (видео)
8 жыл бұрын 4548 stan.kz inforum.kz tjournal.ru

Калифорния университетінің ғалымдары масалардың адамды қалай шағатынын егжей-тегжейлі зерттеді. Ғалымдар масалардың тұмсығында өте кішкентай алты ине бар екенін арнайы бейнебақылау зерттеу процесі кезінде анықтай алған. Ол шаққан кезде теріні қалай тесіп өтіп жатқанын адам тіпті байқамай да қалады екен. Инелердің екеуі теріге енетін тістің рөлін атқарса, өзгелер оны демеп тұрады. Масаның бойындағы 150-ден астам рецептор оның дұрыс шағуына жағдай жасайды. Олар бесінші ине арқылы адам ағзасына сілекей бөледі. Бұл денені қышытуы себепті қан айналымына кері әсер етеді. Ал қан алтыншы ине арқылы масаның ішіне түсуі тиіс. Бұл кезде жәндік параллельді түрде қарыннан орын дайындайды. Масалар жер бетіндегі ең қауіпті жәндіктердің бірі болып есептеледі. Олар таратқан түрлі вирустар кесірінен жыл сайын мыңдаған адам қайтыс болады екен.

Масаларды жолатпайтын өсімдіктер мен амалдар

Жаз келісімен масалар мазаны қашырады. Олардан далада да, үйде де жасырыну мүмкін емес. Бұл жәндіктерден қорғанудың халық арасында тараған әдіс-тәсілдер көп. Масалар қазтамақ, қызанақ және райхан гүлдің иісін жақтырмайды. Гүл салынған ыдысты терезе алдына қойса, жәндіктердің бөлмеге кірмейтінін аңғаруға болады. Үйде черри (бұрыш) қызанағы мен райхан гүлін өсіруге болады. Олардың жемісі кәдеге жарайды. Ванильді ірітіндінің көмегімен далада масалардан қорғануға болады. Бір ас қасық ваниль ұнтағын жарты стақан суға езіп, бұл ерітіндіні киімге, дененің ашық жерлеріне жағыңыз. Ванилинге бір ас қасық балалар кремін қосуға болады. Бұдан кейін ешбір маса жоламайды! Қайнатылған жусан тамыры да масаларға қарсы жақсы әсер етеді. Жусанның құрғақ тамырларына (дәріханадан дайын қоспа сатып алуға болады) бір литр су құйып, қайнатып, оттан алған соң бірнеше сағат суыту керек. Кейін бұл қайнатпаны киімге және денеге сеуіп, тіпті, кереует маңындағы еденді сол сумен жууға болады. Мойыл гүлдері, райхан жапырақтары мен бидайық тамырының қайнатпалары да осы іске көмегі тиеді. Кереует маңына валерьян тұнбасына қаныққан (малынған) спонжиктерді қойыңыз. Масалар сізді мазаламайды. Алайда, үйде мысығы барларға бұл әдіс жарамайды. 

0 пікір
Мұрағат