Жануарлар әлемі: Бес мүйізді қой (ФОТО)
Жануарлар әлемі: Бес мүйізді қой (ФОТО)
8 жыл бұрын 7375 inform.kz Baq.kz

Шыңжаң, Алтай аймағы, Буыршын ауданындағы малшы қандасымыз Базарқанның үйінде бес мүйізді қой бар. Тұсақ қой былтыр туылып, бір айдан кейін басына екі емес, бес мүйіз шыға бастаған. Мүйіздерінің ұзыны 30 см, қысқасы 15 см аралығында екен.  

Америкалық фотограф екі басты жыланды суретке түсіріп алды (ФОТО)

 Канзастық фотограф Джейсон Толботт екі басты жыланды суретке түсірді, деп жазады «Би-Би-Си» агенттігі.

Жыланды Толботтың достары тауып алған. Оны естіген фотограф бауырымен жорғалаушыны суретке түсіруге асыққан.

«Мен жыланның түр-түрін суретке түсіргенді жақсы көремін. Қазірдің өзінде  мен олардың жүздеген түрлерін түсірдім. Тіпті, кейбірі мені шағып алған болатын. Бір жақсысы, олар улы жылан емес болатын», - дейді фотограф.

Екі басты жыланның бір басы екіншісіне қарағанда ызақорлау болған.

Табиғатта екі басты жыландар кездеседі, алайда олар бірнеше ай ғана өмір сүреді.

«10 мың жыланның ішінде бір жылан екі басты болып жаралады. Алайда, бұл нақты дерек емес өйткені олар адам көзіне түсе бермейтін тіршілік иелері. Алайда, қос басты жыланның ғұмыры қысқа», деп түсіндіреді фотограф. 

null null null null 

0 пікір
Мұрағат