Жануарлар әлемі: Австралияның Бейтмен-Бей қаласын ұшатын түлкілер басты (видео)
Жануарлар әлемі: Австралияның Бейтмен-Бей қаласын ұшатын түлкілер басты (видео)
8 жыл бұрын 6524 24.kz inform.kz Baq.kz tengrinews.kz Life mimimi.tv

Австралияның Бейтмен-Бей қаласында төтенше жағдай жарияланды. Билік мұндай шешімді аймаққа ұшатын түлкілердің шамадан тыс көп келуіне байланысты қабылдаған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жарғанатқа ұқсайтын ондаған мың қолқанаттылар жаман иіс таратып, шулап, жұрттың есін шығаруда. Аймақ әкімшілігі ұшатын түлкілерді басқа жаққа жіберу үшін 1 миллион 400 мың доллар бөлуге дайын екенін мәлімдеді. Зоологтардың пайымдауынша, қолқанаттыларды гүлдердің иісі тартады.

 ОҚО екі басты лақ төлдеді (фото+видео)

ОҚО Мақтаарал ауданында екібасты лақ туылды, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі. Жануар 22 мамыр күні Асық-Ата ауылындағы Өтеулиевтің қорасында туылған. Ер адамның айтуынша, барлығы үш лақ туылыпты. Олардың алғашқысы сау болған, дегенмен соңғы екеуінің орнына екі басты бір лақ өмірге келіпті. Екі лақтың денелері бірігіп кеткенімен, әрқайсысы өзінше ерекше дауыс шығарады екен. "Мұндайды бұрын-соңды көрмегендіктен, алғашында қатты есеңгіреп қалдым. Алматы облысында бұрын екі басты бұқа туылғанын естіген едім. Қозының да осылай туылғаны бар. Екі басты лақ Қазақстанда алғаш рет туылып отырған сияқты. Мал дәрігері қанның араласуы кезінде мұндай жағдайдың болатынын айтты. Дегенмен, біздің ауылда ұрғашы ешкілер жұптастатын еркек ешкілер аз", - деді Өтеулиев.

41 жастағы ауыл тұрғынының айтуынша, ол ешкілерді балаларының бірінің ауруға шалдығуынан кейін баға бастапты. "Менің үш жасар ұлым бар, ол туылғаннан бері жүрек ауруына шалдыққан. Біз оны жергілікті дәрігерге апарғанымызда, ол бізге лақ бағуға кеңес берді. Ол мұның аурумен күресуге көмектесетінін айтты. Бұған дейін біз оған 2-3 лақ сатып әпердік, одан кейін өзіміз баға бастадық. Алғашқысы сәтсіз басталды", - деді ер адам.

Лақтар туылған бойда Ғалымжан Өтеулиев дереу мал дәрігеріне барған. Мамандар мұндай жануардың ары кетсе 3-4 күн өмір сүретінін айтыпты. Дегенмен екі басты лақтар өз ажалымен өлмепті. 24 мамыр күні ер адам лақтарды қорадан тапталған күйінде тауып алған.

"Енесі оларды таптап тастапты. Ол лақтарға туылғаннан бері жақындаған емес, үнемі қашып жүрді. Сау болып туылған лақты тамақтандырып, қасына ертіп жүр. Ал соңғыларынан қорқып кетіп, таптап тастаған болар", - деді ер адам. 

Күркетауыққа «ағайындарша» құшақтасуды үйретті (ВИДЕО)

YouTube-ге жүктелген видеода  Ингушетияда үй құсының өз иесін құшақтап тұрған сәті көрсетілген. «Ал кәне кеттік, құшақтасамыз, құшақтасамыз, құшақтасамыз. Енді, әрірек тұрып, маған қарай жүгіріп кел», - дейді асырандысына ер адам. Сол кезде үй құсы иесінің құшағына қарай ұмтыла жүгіреді. Ер адам бұл құшақты «ағайындарша», деп, атайды. Ал құс болса, иесіне деген үлкен сезімі мен адалдығын онымен кездескен сайын танытады. 

Кенгуру зообақ қызметкерін сабап тастады (ВИДЕО)

АҚШ зообақтарының бірінде америкалық турист кенгурудың зообақ қызметкеріне жасаған шабуылын видеоға түсіріп алған. Видеодан байқағанымыздай, торға кірген жұмысшы өзіне шабуылдаған жабайы аңға қарсылық көрсетіп, сырттағыларды көмекке шақыруда. Кадр сыртында осы көріністі қызықтап, күлкіге батқан балалардың дауысы естіледі. Осыдан төрт күн бұрын жүктелген видеоны 15 млн-ға жуық көремен қызықтап үлгеріпті.  

Мысық ойыншықты неге ұрлады? (видео)

Мысық қожайынының айтуынша, мысығы жолбарыс ойыншығын көршісінен ұрлап алып келген. Осы ойыншық үшін басын қатерге тігіп, біреудің үйіне түскенімен қоймай, биік қоршаудан өткен. Ойыншықты ел көзінен таса, қалтарыс жерге апарып құмары қанғанша ойнаған екен. 

0 пікір
Мұрағат