Жануарлар әлeмі: Адель пингвиндері айсберг құрсауында қалды (ВИДЕО)
Жануарлар әлeмі: Адель пингвиндері айсберг құрсауында қалды (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 3939

Адель пингвиндері қырылуы мүмкін. Бұл оқиға Австралияға қарсы жақтағы антарктикалық шығанақтағы 10 мың Адель пингвиніне қатысты болып отыр. Алып мұз құстардың азығына қол жеткізуге бөгет болып отыр, - деп хабарлады RT. Antarctic Science басылымы хабарлағандай, пингвиндердің азығын аулауға B09B деп аталатын алып айсберг кедергі келтірді. Ол Достастық теңізінде 2011 жылы пайда болды. Мамандар бірнеше жыл қатарынан осы келеңсіз жағдайды бақылап отыр. Айсберг пингвиндерді азықсыз қалдырып қана қоймай, сонымен бірге мұндағы табиғи ортаны да өзгертті. Оңтүстік Уэльс университетінің зерттеушілері осы мәселеге байланысты баяндамаларын жариялады. Оған сәйкес бір ғасыр бұрын мұнда 100 мың пингвин болған. Қазір саны 10 мыңнан сәл ғана асады. Олардың қалай тамақтанатыны түсініксіз, сондай-ақ құтқарылу мүмкіндігі де азайып барады.

0 пікір
Мұрағат