Жәндіктердің жойылу проблемасы біз ойлағаннан да ауқымды – ғалымдар
Жәндіктердің жойылу проблемасы біз ойлағаннан да ауқымды – ғалымдар
4 жыл бұрын 2174 inform.kz

Ғалымдар жәндіктердің саны азайып жатқанын дәлелдеген еді. Соңғы зерттеулер нәтижесінде олар бұл проблема біз ойлағаннан да ауқымды екенін анықтады, деп жазады Tages-Anzeiger. 

Швейцарияның орман, қар және ландшафт зерттеу институты мен Берн университетінен құралған халықаралық команда 2008-2017 жылдар аралығындағы көрсеткіштерді сараптаған.

Олардың айтуынша, соңғы он жылда жәндіктердің барлық түрлерінің үштен бірі жойылып кеткен. Бұл туралы экологтар Nature журналында жазды.

«Зерттеушілер Германияның үш аумағындағы 300 ауданда кездесетін миллионға жуық жәндіктерді жинаған. Ол шамамен 2,7 мың түр өкілдері болған. Ғалымдар ауыл шаруашылығы жақсы дамыған жерлерде жәндіктердің жойылу қарқыны жоғары екенін анықтаған» деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, орманды жерлерде жәндіктердің түрлері 36%-ға азайған. Сонымен қатар, олардың жалпы саны да кеміп жатыр. Ғалымдар ормандағы жәндіктердің биомассасы он жылда 41%-ға азайғанын айтты.

0 пікір
Мұрағат