Із-түссіз жоғалып кеткен қояндай бойы бар бұғы табылды (фото+видео)
Із-түссіз жоғалып кеткен қояндай бойы бар бұғы табылды (фото+видео)
4 жыл бұрын 8126 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Global Wildlife Conservation (GWC) табиғатты қорғау жөніндегі коллаборация мамандары Вьетнамның оңтүстік экология институтының, Лейбниц қауымдастығының зоология және жабайы табиғат институтының мамандары бұрын із-түссіз жоғалып кетіп, қайта табылған жануарға «Вьетнам бұғысы» немесе канчиль (Tragulus versicolor) атауын берді. Бұл жануар бұғылар әулетінен шыққан – әлемдегі ең кішкентай ашатұқяқты сүтқоректілердің біріне жатады. Салмағы төрт жарым келіден аспайтын оның дене тұрқы мысықпен немесе қоянмен шамалас болады. Сыртқы келбеті тышқан мен бұғының будандасқан түрін көз алдыңа әкеледі. Аталмыш жануар алғаш рет Вьетнам жерінде осыдан бір ғасырдан аса бұрын байқалған болатын. 1990 жылдан бастап бұл жануар «із-түссіз жоғалдыға» жатқызылған болатын. Соған байланысты GWC нұсқасы бойынша T. versicolor  ең іздеудегі 25 түрдің тізіміне енгізілген еді. Ғалымдар жергілікті тұрғындар мен куәгерлердің жөн көрсетуімен фото-тұзақ құрып тастаған болатын. Вьетнамның оңтүстігінде орын тепкен Нячанг қаласының маңындағы орман-тоғайда.  Аталған жануарлы қайта жоғалтып алмасы үшін. Қорғауға алуы үшін. Өйткені, орман-тоғайлар оталып жатыр, соған байланысты олардың тіршілік ету ортасы тарылып келеді, оның үстіне, аңшылар мен браконьерлердің ашкөздігінен қорғауы тиіс. Бұл бағытта жүргізілген зерттеу жұмысы туралы материал Nature Ecology and Evolution мерзімді басылымында жарияланды.

0 пікір
Мұрағат