Ішек-қарны көрінетін мөлдір балық (видео)
Ішек-қарны көрінетін мөлдір балық (видео)
4 жыл бұрын 2311 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Гоцо — Мальтадағы аумағы шамамен 70 шаршы шақырымды алып жатқан арал. Тамылжыған табиғатынан бөлек аталмыш аралда түрлі тайпалардан қалған көне ғимараттар, мәдени ескерткіштер, т.б. көптеп ұшырасады. Жерорта теңізінің осы жақ жағалауында кәсіби суға сүңгушілерден басқа туристер де суасты әлемін өз көзімен тамашалай алады. Мұндағы Көгілдір Апан деп аталатын ертегіге бергісіз ойпаң бар.  Теңіз арнасынан асып, су көтерілгенде әлемнің әр түкпірінен драйверлер мен аквалангистер аталған ойпаңнан шықпайды. Басқа өңірлерде кездесе бермейтін немесе жабайы табиғатта сирек кездесетін балық пен өзге де тіршілік иелері арасында мөлдір балық атанған сальпаның орны бөлек. Әдетте аквалангистер оны бояун су шайып тастаған пластик пакетпен немесе медузамен шатастырып жатады. Көзге көрінер-көрінбес осынау омыртқасыз теңіз жануары планктонмен қоректенеді. Оны балықтың кей түрлері мене тасбақа  қорек етеді. Сальпаның түссіз немесе ерекше түсі судың беткі жағында күннің сәулесін шағылыстырып, жыртқыштардан қорғануына мүмкіндік береді. Бұл тіршілік иесі әлі күнге толық зерттелген емес. Бұл жайында travelask.ru ақпарат көзі мәлім етті. 

Морской призрак — дайвер снял на видео свою встречу с таинственным подводным существом

 

0 пікір
Мұрағат