Бүгін құпия тамшы көрсетіледі (видео)
Бүгін құпия тамшы көрсетіледі (видео)
26 күн бұрын 1440 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бүгін, яғни, қазан айының 19-ы күні Париж хайуанаттар бағында «тамшы» деген атауға ие болған жаңа тіршілік иесі пайда болады. Сары түсті, теміреткі тәрізді тіршілік иесі, тіпті, биологтардың өзіне жұмбақ күйінде қалып отыр. «Тамшының» миы жоқ, соған қарамастан қандай бір тапсырманы шеше алатын әрі өз білгендерін, яғни, тәжірибесін бөлісе алатын қабілетке ие. Оның аузы да, ас қорытатын мүшесі де немесе көзі де жоқ, алайда, ол азығын тауып, қоректенеді. Бұл жайында euronews ақпарат көзі хабар таратты. Біз сөз етіп отырған тіршілік иесін қақ бөлсеңіз, ол екі минуттың ішінде қалпына келе алады. Аяғы жоқ бола тұра сағатына 4 сантиметр жылжи алады. Сондай-ақ, оның 720 жыныс мүшесі бары анықталды. Бұл тіршілік иесінің ресми атауы — Physarum polycephalum («көп басты шырыш»). Ол миксомицеттер тобына жатады әрі сары түсті шырышты өңездің немесе зеңнің әр түрлілігін білдіреді. «Тамшы» - жануар да емес, саңырауқұлақ та емес, алайда, екеуінің де ерекшелегіне ие. «Тамшы» - табиғаттың ашылмаған құпияларының бірі. Оның не екенін нақты білмейміз»,- деп ағынан ақтарылды Париж қаласының Жаратылыстану музейінің директоры Бруно Давид. Осылай дей келе аталмыш музей директоры бұл тіршілік иесінің жарықтан қалтарыс, ылғалды жерде өмір сүретінін жеткізді. «Ол жануар секілді ұстайды өзін әрі үйренуге бейім тұрады. Егер оны шытырманға, яғни, лабиринтке орналастырсақ, ол азыққа апаратын ең төте жолды таба алады»,- деді артынша. «Егер оның алдына кесе көлденең тұз қойсаң («тамшы» тұзды ұнатпайды), ол оның үстінен өтуге тырыспайды, тасасында азық тұрса да. Айналып өтеді»,- деп тағы бір қырын сөз етті. Мұндай биологиялық біртүрлі жаратылыс жабайы табиғат аясында тіршілік етеді, десе де оны қамап, жұрт назарына алғаш рет ұсынылмақ. «Тамшыны» Париж хайуанаттар бағынан қазан айының 19-нан бастап көре аласыздар.

0 пікір
Мұрағат