Ашық далада төбеден төнген өрмекші (видео)
Ашық далада төбеден төнген өрмекші (видео)
5 жыл бұрын 2967 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сесилия Жуниньо Фонсека есімді Бразилия тұрғыны Эспириту-Санту-ду-Дораду муниципалитетіне қарасты ауылдық жерлерді аралап жүріп, өзгеше көрініске куә болған. Ол ауада қалқып тұрған мыңдаған өрмекшіні сол сәтінде таспаға тартып алыпты. Оеысын артынан Facebook әлеуметтік желісіне жүктеген екен. Оның айтуынша, өрмекшілер аспаннан салбырап түскен жоқ, жәндіктер ауада алып күмбез тоқыған. Мамандардың айтуынша, климаты ылғалды әрі ыстық өңірлерде өрмекшілердің бұлай жемтігін аулауы қалыпты жағдай саналады. Бразилиялық көрген өрмекшілердің бұл түрі Parawixia деп аталады. Олар адамға қауіпсіз. 

 

0 пікір
Мұрағат