Аралар өлген ұяластарын қалай тауып алады
Аралар өлген ұяластарын қалай тауып алады
4 жыл бұрын 3618 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Аралар ұясындағы әрбір араға жүктелген өз міндеті бар: біреуі күзетші, біреуі бал жинаушы, енді біреуі мәйітші, т.б. Арнайы мәйітші аралар өлген ұяластарын тас қараңғыда 30 минуттың ішінде тауып алады. Ұяласының өлгеніне көп уақыт өте қоймаса да, яғни, иісі шықпай жатып таба алады. Бұл бағыттағы зерттеу барысы bioRxiv препринт репозиториясында жарияланды. Қытай ғылым академиясының мінез-құлық экология мамандары иісті молекуланың белгілі бір түрінің мәйітші араға ұядағы өлген араларды тауып беруге көмектесетінін немесе көмектеспейтінін анықтамақ болады. Көптеген жәндіктерді кутикулдағы (экзоқаңқаның жылтыраған бөлігі) балауыз тәрізді жабындысының бір бөлігі болып табылатын «кутикулды көмірсутек» деп аталатын қосынды қаптаған. Бұл қосынды жәндіктерді құрғап кетуден сақтайды. Жәндіктер тірі кезінде бұл молекула ұдайы бөлінеді әрі аралардың бір-бірін тануы үшін пайдаланылады. Мамандар ара өлген соң ауаға феромон аз бөлініп, ара денесінің температурасы төмендейді, деп топшылаған болатын. Ғалымдар аталмыш гипотезаның шындыққа қаншалықты сай келетінін тексеріп көру үшін иістерді сәйкестендіретін химиялық әдісті қолданып көрді: өлген ара тірілеріне қарағанда расымен де ұшпалы көмірсутегін аз бөлетін болып шықты. Тәжірибе нәтижелері көрсеткендей, мәйітші аралар өлген ұяластарын иісіне қарап ажыратады. Ғалымдар бұл тәжірибемен шектеліп қалмай, өлген араның денесінЦельсия бойынша бірнеше градусқа жылытып көрді: денесі жылытылған өлі араны әдеттегіден ұзақ уақыт іздеді. Бәлкім бұл тірі ара секілді көмірсутегінің шамамен бірдей мөлшерін бөлетінімен байланысты шығар. Ал келесі кезекте денесі жылытылған, алайда, көмірсутегінен тазартылған араның мәйітін ұяға енгізгенімен мәйітші аралар өлген аралардың 90%-ға жуығын бәрібір тауып алған еді. Бұл нені білдіреді? Бұл мәселе температурада емес, көмірстуегінің болмауында жатқанын білдіреді. Аралар үшін көмірсутегінің болмауы өлім маркері, яғни, ажал белгісі ретінде қабылданады.

0 пікір
Мұрағат