Ақылынан алжасқан жылан. Қара теңізде улы жылан пайда болды (видео)
Ақылынан алжасқан жылан. Қара теңізде улы жылан пайда болды (видео)
6 жыл бұрын 9966 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Аса қауіпті тіршілік иесінің кей қылықтарын түсініп болмайсың. Тіпті, әлі күнге ғылымға жұмбақ. Бауырымен жорғаушылар ішіндегі сұр жылан ең улы жыландардың бірі. Аттың өзін сеспей қатырады. Ара-тұра адамның ақылына сыймайтын қылықтары еріксіз қайран қалдырады. Өз құйрығын жемтік деп ойлап қалды ма, әлде басқа бізге беймәлім сыры бар ма, өз құйрығын тістеп алып, артынан қиналып, аласұрған жылан таспаға тартылып қалыпты. Десе де бойында өзінің уына қарсы иммунитеті қалыптасқандықтан аман қалады. 

Қара теңізде жылан пайда болды (видео)

Қара теңіз өзге теңіздерге қарағанда адамға барынша қауіпсіздігімен ерекшеленеді: онда жыртқыш балықтар да, акула да жоқ. Алайда, соңғы уақытта суға сүңгуірлер, яғни, драйверлер улы жалындарды байқап қалып жүр. Жуырда ғана өз жемін аңдыған улы жыланның таспаға тартылып қалмасы бар ма. Мамандар оның аса улы сұр жылан екенін айтып отыр. 

 

0 пікір
Мұрағат