Әлем бойынша боз суырдың 90%-дан астамы қазақ даласын мекендейді
Әлем бойынша боз суырдың 90%-дан астамы қазақ даласын мекендейді
7 ай бұрын 592 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Remote Sensing in Ecology and Conservation мерзімді басылымында Google Earth и Bing спутнигінің көмегімен жүргізілген қазақ даласындағы боз суыр популяциясы туралы зерттеу нәтижесі жарияланды. Бұл жайында еліміздегі биологиялық әр алуандылықты сақтау қауымдастығы Facebook әлеуметтік желісінде мәлім етті. Бұл бағыттағы зерттеу жұмысын аталмыш қауымдастықтың ғылыми қызметкерлері Германияның Мюнстер қаласының ландшафты экология институтының мамандарымен бірге жүргізген екен. Боз суыр (Marmota bobak) – дала фаунасына тән тіршілік иесі, Еуразия жазығының батыс бөлігінде кеңінен тараған, үңгіп қазушы аса ірі сүтқоректілердің бір түрі. Әлемдегі боз суырлардың 90%-дан астамы қазақ даласында тіршілік етеді.

0 пікір
Мұрағат