Әйнек бақаның қамқорлығы (фото+видео)
Әйнек бақаның қамқорлығы (фото+видео)
4 жыл бұрын 4482 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әйнек бақа (Hyalinobatrachium valerioi) икраны, яғни, жұмыртқаларын даму кезеңінің түрлі сатыларында қызғыштай қорып, көзінің қарашығындай сақтауға тырысып, көз алмай күзетеді. Жұмыртқалардың бір шоғыры өзге ұрғашысынан болады, ұрғашысы жұмыртқалаған соң келесісіне кезек беру үшін дереу табанын жалтыратып тайып тұрады. Ал еркегі жұмытқалар шоғырын сулап, қас қақпай жауынан қорғайды. Әкелік міндетінен бос кезде өзге ұрғашымен шағылысады. Оның да жұмыртқаларын сулап, күзетуге көшеді. Еркегі бір мезгілде  жұмыртқалар шоғырын жетіге дейін жеткізе алады. Жұмыртқалар шоғырын бір-біріне араластырмайды. Өйткені, олардың даму сатысы әр түрлі. Әйнек бақа (Centrolenidae обфна жатады) – құйрықсыз амфибия, дене тұрқы шағын келеді – 2-ден 8 см-ге дейін. Олар Мексиканың оңтүстігінде, Орталық америкада жәнге Оңтүстік американың орталық бөлігінде тіршілік етеді. Түн қатып тіршілік етеді. Осынау қос мекенді тіршілік иесінің ең басты ерекшелігі – терісінің мөлдірлігі, бауыры жағынан бауыры мен ішек-қарнын, қан тамырларын, жүрегін, яғни, іш құрылысын көре аласыз. Олардың терісінің түссіз болуының сырын, яғни, пигменттің болмауын мамандар сан саққа жориды. Әйткенімен нақты ортақ тұжырым жоқ. Әдетте күн ұясына батқаннан кейін белсенді әрекетке көшетінін айтып өттік. Яғни, көз байланғаннан кейін шағылысады, жұмыртқалайды, жемтігін аулайды. Тропикалық орман-тоғайдың аумағынан ағып жатқан өзендер мен көлдер маңында тіршілік етеді. Жапыраққа жұмыртқалайды. Оның үстін тағы бір жапырақпен қалқалайды немесе жұмыртқа түскен жапырақты орап тастайды. Жауының көзіне шалынбасы әрі құрғап кетпесі үшін. Егер ылғалдылығы жоғары болса, әкесі оларды қайта-қайта сулап, әуреге түспейді. Жауын күндері де жапырақ ораулы болады. Өйткені, жапырақтағы жұмыртқаларды жаңбыр тамшылары шайып кетеді. Десе де әйнек бақалар көбіне жауынды күні жұмыртқалайды. Жұмыртқаларды қалай сулайды? Олар бауырымен жұмыртқаларға жанасады. Сулау тетігі де өзгеше: жасуша мембранасындағы ақуыз каналдары - аквапориндер қызметіне кіріседі. Суланған жұмыртқаны жаудан да, түрлі аурудан да қорғау оңай әрі жұмыртқаның дамуына да қолайлы орта қалыптастырады. Жұмыртқаларға бауырымен жанасқанда өзінің микрофлорасымен «қоректендіреді», яғни, нәр береді. Осының арқасында жұмыртқаның иммунитеті нығаяды. Түрлі инфекцияға, соның ішінде саңырауқұлақ инфекциясына төтеп беретін. Ұрықтың дамуы аталмыш бақалар тобындағылардың түрлеріне қарай 2-ден 4 аптаға дейін созылады. Әйнек бақа жұмыртқаларының жаулары: өрмекші, шаянның кей түрі, құмырсқа, шегіртке, сона, т.б.

Самец стеклянной лягушки

Самка стеклянной лягушки Hyalinobatrachium valerioi. Через прозрачную кожу ее живота просвечивают яйца

а — самка Hyalinobatrachium valerioi (справа) приближается к издающему призывные звуки самцу (слева). b — амплексус у Hyalinobatrachium valerioi; через прозрачный бок самки (снизу) видны яйца

Головастик стеклянной лягушки

Вылупление головастиков стеклянных лягушек

(Ықшамдалып алынды)

0 пікір
Мұрағат