Христиан ұстазы мұсылман шәкіртіне қалай қолдау білдірді
Христиан ұстазы мұсылман шәкіртіне қалай қолдау білдірді
6 жыл бұрын 4103 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қасиетті Рамазан айында төртінші сыныпта оқитын Тарық Әбдіхалық сәресін ішіп әрі таң намазын оқып болған соң ұйқыға бас қояды. Бірақ, сабақтан кешікпеу үшін тағы ерте тұруына тура келеді. АҚШ-тың Нью-Джерси штатына қарасты Линден қаласында тұратын оқушы, міне, бірнеше жылдың жүзі болды, ересектермен бірге ораза ұстап жүргелі. Күндіз сыныптастары ас-ауқат ішіп жүрсе де өзінің түк қиналмайтынын жеткізді. Оның ораза ұстап жүргенін білген Деон Кандиа есімді христиан ұстазы оқушысына рухани қолдау білдіріп, ауыз бекітіп жүр. "Ол екі апта бойы маған Рамазан айы туралы айтты. Осының да әсері бар шығар ораза ұстап кеткеніме",- деді ағынан ақтарылған ол. Бір қызығы, Деон Кандиамен бірге мұсылман емес әйелі де қосылып, ауыз бекіткен екен. Бұл жайында жергілікті My Central Jersey ақпарат көзі хабар таратты. 

0 пікір
Мұрағат