ХХІ ғасыр қаруы: электромагнитті қару (видео)
ХХІ ғасыр қаруы: электромагнитті қару (видео)
6 жыл бұрын 4004 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей мамандары әуе нысанын күйдіріп-жандырып жіберетін қаруды жасауға кірісті. Электромагнитті қаруды өткен ғасырдың орта шенінде жетілдіруді жолға қойса да әлі күнге дейін аталған қару түрі әскери құрал ретінде пайдаланылған емес. Сөйтсе де ресейлік инженерлер бұл бағытта айтарлықтай жетістіктерге жетіп отыр. Бұған ұшқышсыз ұшатын апараттарды, жау зымыранын, ұшақты, тікұшақты күйліріп-жандырып жіберетін ресейлік СВЧ-қондырғысы дәлел бола алады. Нақты соққы берілмесе де аз уақыттың өзінде электромагниттік сәулеленудің әсерінен жаудың электроникасы мен басқару элементтері істен шығады. Бұл қарудың артықшылығы сонда нысананы мүл жібермей дәлдеп атып жатпай-ақ жаудың әуедегі нысанын жоя алады. Сол себепті, бұл қарудың келешегі зор. Десе де бүгінгі таңда СВЧ-қондырғысының әрекеті ету радиусы шектеулі. Алайда, алдағы уақытта кеңейтілмек. 

 

0 пікір
Мұрағат