Ғалымдар инесіз салынатын укол ойлап тапты
Ғалымдар инесіз салынатын укол ойлап тапты
6 жыл бұрын 4419 7kun.kz epikriz.com.ua

Қазір зерттеушілер ауыртпай салынатын егу әдістерін іздеп жатыр. Көпшілік укол салғанда ауырады және қан тамырлары арқылы салынған ондаған уколдан кейін көгеріп қалады деп қорқады. Осындай себептермен кейде адамдар тиісті егуіне бармай да қалады. Сондықтан ғалымдар инесіз салынатын укол әзірледі.

Бұл проблеманы PRIME құрылғысы арқылы шешуге болады. Portal Instruments жобасы инесіз укол салатын құрылғыны әзірледі. Қазір жапониялық Takeda компаниясы жобаны қолдап, шартқа отырды. Содан кейін құрылғы сатылымға шыға бастайды.

Көлемі жағынан жаңа құрылғы электр ұстарасынан үлкендеу. Инъекцияның дозасы бір рет қолдануға арналған контейнерге микроскоптық тесік арқылы құйылады. Содан мықты электромагнитті механизм дәріні үлкен жылдамдықпен (сағатына 720 километрге жуық) итереді. Соның арқасында дәріні жіңішке ағынмен қатты қысым арқылы теріге кіргізіп жібереді. Сол кезде адам ешқандай ауру сезінбейді және артық дыбыс шықпайды.

Бұл құрылғы инъекция салудың уақытын да қысқартады. PRIME-ның көмегімен 1 мл дәріні жарты секунд ішінде салуға болады. Ал кәдімгі укол арқылы 10-20 секунд уақыт кететін. Құрылғыны ойлап тапқандар арнайы қосымша да әзірледі. Онда инъекцияның кестесін қадағалап, емдеуші дәрігерге ақпарат жіберіп отыруына болады.

Мамандар құрылғы қан арқылы жұғатын түрлі аурулардың қаупін де төмендетеді деп отыр. Айтпақшы, организмге анаша егуде қолданудың алдын алу үшін болашақта бұл құрылғы дәрігердің арнайы рұқсатымен ғана сатылады.

0 пікір
Мұрағат