Фастфуд жарнамасындағы қауіпті қитұрқылық
Фастфуд жарнамасындағы қауіпті қитұрқылық
5 жыл бұрын 2771 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Фастфуд өндірушілер бірнеше жыл бойы өздерінің жарнамасында қара нәсілді және испан тілді балаларды «бағытқа» алған. Бұл жайында UConn Rudd Center for Food Policy & Obesity ұйымы жасаған баяндамада айтылған. Қара нәсілді балаларға бағытталған жарнама саны 2013-2017 жылдар аралығында 50 пайызға артқан. Бұл нені білдіреді? Бұл қара нәсілді балалардың ақ нәсілді жасөспірімдер мен жеткіншектерге қарағанда аталған өнім бойынша теледидарлық жарнаманы екі есе көп көргенін білдіреді. Зерттеушілер тез дайындалатын әрі көп тұтынбауға кеңес берілетін өнімдер мен сусындарды ұсынатын мейрамханалар мен компаниялардың 32-сінің жарнамаға кететін шығынына талдау жасап, мәліметтерді сараптаған екен. Белгілі болғандай, теледидардан берілетін жарнамаға жұмсалған 11 млрд шығынның 1,1 млрд-ы латын америкалықтар мен қара нәсілділер көп көретін арналарға кеткен. Тексеру жұмыстарын жүргізгендердің бірі Ширики Куманийканың (Shiriki Kumanyika) айтуынша, осыға байланысты қара нәсілді балалар арасында семіздік індеті, сусамыр, қан қысымы, т.б. тікелей тамақтану мәдениетімен әрі саламатты өмір салтының болмауымен байланысты аурулар өршіп кеткен.

0 пікір
Мұрағат