Электр энергиясын тұтынғаны үшін емес, енді тұтынуы үшін ақша төлейтін ел (видео)
Электр энергиясын тұтынғаны үшін емес, енді тұтынуы үшін ақша төлейтін ел (видео)
6 жыл бұрын 3877 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Германия энергияны шектен тыс мол өндіретіндіктен оны тұтынғаны үшін емес, енді тұтынуы үшін ақша төлейтін болады. Бұл - ертегі емес. Энергия өндіретін стансаларды тоқтату тым қымбатқа түсетіндіктен осындай қадамға барып отыр. Кеше, яғни, қазан айының 29-ы күні таңертеңгі сағат жетіде жаңғартпалы көздерден өндірілетін электр энергиясы рекордтық деңгейге жететіндіктен (нақтырақ айтқанда, 39,190 мегаватт энергия) электр үшін алынатын ақы нөлден төмен түседі. Өйткені, демалыс күні электр энергиясын тұтыну көп төмендейді. Мұндай жағдайда энергия өндірушілердің тығырықтан шығатын тек екі жолы ғана бар (сарапшылардың айтуынша): сатнса жұмысын тоқтату немесе тұтынушыларға электрді пайдалануы үшін ақы төлеу. Айта кетейік, мұндай жағдай бірінші орын алып отырған жоқ. 2016 жылдың мамыр айында энегрия өндіру мөлшері 38,370 мегаваттқа жеткендіктен тұтынушыларға күн бойы пайдалануы үшін ақша төленген болатын. 

0 пікір
Мұрағат