Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы видео-ойынға тәуелділікті ресми түрде ауру деп тапты
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы видео-ойынға тәуелділікті ресми түрде ауру деп тапты
6 жыл бұрын 3748 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы видео ойынсыз ішкен асы бойына батпайтындарды ауру деп танитынын, дәлірегі, психикалық ауытқушылық деп білетінін ресми түрде жария етті. Аталған дерт "Денсаулықпен байланысты аурулар мен проблемаларды жіктеудің халықаралық статистикасының" 11-ші редакциясында енгізілді. Каталогтан білетініңіздей, ойынға құмарлық үш негізгі белгі бойынша жіктелетін болады. Диагноз қоюдағы алғашқы өлшемге видео ойынға адамның көп уақытын бөлуі және басқа мақсаттарынан артық қоюы жатады. Ал екіншісі - басқа жаққа мойын бұрмай, өз-өзіне ие бола алмай қалуы. Үшіншісіне келсек, ойынға беріліп, былайғы өмірді ұмытқан адамның жеке, отбасылық, қоғамдық, әлеуметтік, т.б. өміріне мән бермеуі жатады. Сондай-ақ, аталған ауруды науқастың ұйқыссыздыққа бой алдыруынан, уақытылы тамақтанбауынан, аз қозғалуынан байқай аласыз. Бұл жайында CNN ақпарат көзі хабар таратты. Техастағы The Telos Project психиатриялық емхана директоры Энтони Бина адамдардың дені видео ойынды адамның өзін мазалаған уайымнан немесе күйзелістен арылу үшін ойнап жататынын да ескеру қажеттігін алға тартып отыр. Сол себепті, видео ойынға деген құмарлықты ауру түріне жатқызудың маңыздылығы кемиді. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы енді танып жатыр ғой видео ойынға құмарлықты ауру деп. Қытайда видео ойынға тәуелділіктен арылтуға көмектесетін түрлі шаралар әлдеқашан қолға алынған: қатаң шарадан бастап, емдеуге дейін... ДДС бұл тәуелділікті аура түріне жатқызғандықтан елімізде арнайы емдеу орындары ашылып, тиісті қаржы бөлінуі тиіс. Қазір екінің бірі "смартфонға тәуелділік синдромына" ұшыраған. Әсіресе, жастар арасында көптеп кездеседі. Бұл олардың болашағына қауіп төндіретін "синдром". 

0 пікір
Мұрағат