Долларды әлемдік валютаға айналдырған Саудия ма
Долларды әлемдік валютаға айналдырған Саудия ма
6 жыл бұрын 4621 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бүгінгі таңда күллі әлемнің ақша саясатын өзіне тәуелді етіп қойған, ғаламдық сауда-саттық жүргізілетін долларға саудиялықтардың қандай қатысы бар дерсіз? Бұған қоса, "доллардың күні батуға таяу" деп алдын ала жауырын ашқан сарапшылардың сөзінің қаншалықты "жаны" бар? Егер сарапшыларға сенсек, доллар алдағы 10-20 жыл ішінде әлемдік валюта болудан қалады. Долларға тәуелділіктен құтылу үшін әлем елдерінің талпынысы туралы кезінде аз-кем айтып өткенбіз. Сайтымыздың жаңалықтар таспасынан (естеріңізде болса, "Әлем алапат дағдарыс қарсаңында"). Бірден айта кететін жайт, мемлекетік қарызы бар кез келген елдің ұлттық валютасы қашан да қатер астында болады. Мемлекеттік қарызын өтей алмаған елдің ақшасы айналымнан шығады. Сарапшылардың сөзіне қарағанда, доллар екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемдік валютаға айналды. Алтынмен кепілдендірілгені үшін. Алайда, 1971 жылы сол кездегі АҚШ президенті Ричард Никсон долларды алтынмен қамтамасыз ететін ереженің күшін жойды. Бұл өз кезегінде долларға деген сұранысты күрт кемітті әрі америкалық валютаны арзандатты.Амал жоқ, сол кездегі Ақ үй қожайыны "Мұнайлы доллар" жүйесін енгізіп қана долларды сақтап қала алды. Яғни, мұнаймен қолдау білдіру арқылы долларға деген әлемдегі сұранысты арттырды. Десе де "мұнайлы доллар" 1985 жылы өзінің шарықтау шегіне жетіп, оған деген сұраныс тағы азайды. 1992 жылы ең төменгі деңгейге дейін жетті. Доллар маңызы. Содан бері мұнаймен кепілдендірілген америкалық валюта жүйесі қылдың үстінде тұр. Турасын айтқанда, доллардың ендігі тағдыры мұнай қоры орасан Саудия королінің отбасына байланысты. Егер Саудия күрейтін болса, онда доллар әлемдік валюта болудан қалады. Бұл өз кезегінде әлем экономикасына, қаржы жүйесіне оңай тимейтін болады.

0 пікір
Мұрағат