Діни рәсімдерді робот священник атқарып, жамағатқа бата береді
Діни рәсімдерді робот священник атқарып, жамағатқа бата береді
7 жыл бұрын 3176 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Германияның Саксония-Анхальт жеріндегі Виттенберг қаласында священник робот пайда болды. Ол Інжіл оқып, жамағатқа бата береді. Былайша, діни рәсімдерді бір өзі атқарады. Бұл жайында Daily Mirror ақпарат көзі хабар таратты. Гессен және Нассау евангелиялық шіркеуде жасалған священникті алмастырушы роботтың кеуде тұсында сенсорлық экран бар. Священник робот пайдаланушымен амандасып, "Құдай өзі жар болсын саған" деп бата қайырады. Содан соң Інжілден үзінділер оқиды. Аталмыш шіркеу өкілі Себастьян фон Герен (Sebastian von Gehren) жамағттың электромеханикалық священникке үрке қарайтынын жасырмады. Кейбіреулер, тіпті, жансыз машинаның осындай рухани қызметті атқарып, бата беріп жүргенін түсіне алмай қойған. Тек діннен алыс адамдар ғана робот священникке тосқырқап қарамаған. 

0 пікір
Мұрағат