Бір жылдың ішінде қасиетті Рамазан айы екі рет келіп, бір жылда екі рет ораза ұстайтын кез жақындап келеді
|
Биыл қасиетті Рамазан айының қарсаңында қызықты дерекке тап болдық. 2030 жылы исі мұсылман екі мәрте ауыз бекітіп, ораза ұстайды. Бұл жайында islam.kz порталы Birmingham Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, 2030 жылы қасиетті Рамазан айы қаңтарда басталады, ал сол жылдың желтоқсан айында тағы ауыз бекітеді. Бұлай болатын себебі, мұсылманша ай күнтізбесі 354 күннен тұрады. Осыған байланысты жыл сайын грегориан күнтізбесі бойынша мұсылманша күнтізбе күндері орташа есеппен 11 күн кейінге шегеріледі. Мәселен, 2022 жылы қасиетті Рамазан айы шамамен сәуірдің 2-сі күні басталады, ал 2030 жылы қаңтарға тап келеді екен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Тәуліктің ең қауіпті сағаты түнде екені анықталды
■
Сейсмикалық қауіпті қалада жер қозғалса «қозғалмайтын» зәулім ғимарат бой көтерді (фото)
■
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Түркия алғаш рет қарт тұрғындары көп елдер санатына енді